Sailau banner

Аптадағы маңызды жаңалықтар

Облыс басшысы «Көкшетау» МҰТП-ның Айыртау ауданындағы филиалының жұмысымен танысты

«Көкшетау» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің мақсаты – маңызды экологиялық, тарихи және табиғи кешендерді сақтау және қалпына келтіру. Табиғи парк өз ішіне 5 филиалды қосады. Олар Солтүстік Қазақстан мен Ақмола облыстарында орналасқан. Филиалдардың бірі Айыртау ауданында бар. 1898 жылы құрылған орманшылықтың аумағы 46 мың 234 гектарды құрайды.

ЕРБОЛ САҒДИЕВ, «Көкшетау» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің директоры:

– Ақмола облысы бойынша 2 филиал бар. Зеренді және Орман Бұлақ. СҚО бойынша 3 филиал осы Айыртау ауданында орналасқан. Бұл – Арықбалық, Айыртау және Шалқар филиалдары. Облыс аумағында тағы 3 тапсырыс беруші бар. Бұл – Смирнов, Мамлют және Согров қорықшалары. Айыртау орман шаруашылығының 100 жылдан астам тарихы бар.

Облыс әкімінің жұмыс сапары барысында табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар мен орман және дала өрттерін жедел жою мәселелері талқыланды. Ірі ауқымды орман өрттеріне ден қою тәртібі қаралып, Ғауез Нұрмұхамбетов материалдық-техникалық жабдықтардың дайындығын тексеріп қайтты.

ДМИТРИЙ РАСТИХИН, СҚО ТЖД бастығының орынбасары:

– Аудан аумағында өрт сөндіру бөлімі мен бекеті қызмет атқарады. Жергілікті атқарушы органдардың 6 өрт сөндіру бекеті құрылды. Биыл 7-шісін ашу жоспарланып отыр. Орман аймағында 26 елді мекен бар. Сондай-ақ, Айыртау ауданының аумағында 4 балалар сауықтыру лагері орналасқан. Біз өрт қауіпті кезең бойынша алдын алу жұмыстарын жүргіздік. Бүгінгі таңда 2 лагерь жұмыс істемей тұр, қалған екеуі жазғы кезеңге дайындық бойынша белсенді жұмыс жүргізуде.

Солтүстік Қазақстан облысында барлығы 688 мың гектар орман алқабы бар. Оның 550 мыңы әкімдіктің қарауында. Аймақта «Көкшетау» мемлекеттік ұлттық табиғи паркіне тиесілі 134 мың гектарды құрайтын 3 орман шаруашылығы бар.

ҒАУЕЗ НҰРМҰХАМБЕТОВ, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі:

– Орман алқабы көп, массив үлкен, жұмыста өте үлкен. Бүгінгі таңда ауа райы жаңбырлы болып тұрғанын білесіздер, әрине, бұл шаруалар үшін бірқатар қиындықтар тудырып отыр. Көктемгі егіс науқанын да соңына дейін аяқтай алмай жатыр. Дегенмен, орманшылар үшін өрт қауіпті кезең әлі басталған жоқ. Бірақ, бұл уақытша екенін ұмытпау қажет. Алда ауқымды жұмыс күтіп тұр.

Айыртау ауданының аумағы – 9,6 мың шаршы км. Оның ішінде орман жамылғысы 1364 км құрайды.

 

“Первый Северный” телеарнасы