Балалар

№17 мектептегі жазғы лагерь жұмысын бастады

Жаздың жайдарлы алғашқы күндерінде балалар барынша асыр салмақ. Ол үшін №17 ұлттық өркендеу орта мектебіндегі сауықтыру лагерінің есігі ашық. 140 балаға арналған демалыс орны бүгін өз жұмысын бастады.

ЛӘЗЗАТ ЖАЛМҰҚАНОВА, №17 ұлттық өркендеу орта мектеп-кешенінің директоры:

– Әр күннің өз ерекшелігі бар. 4-маусымда Рәміздер күнін, 6-сы күні қазақтың жазушылырымен танысады, 14-і қазақтың дастарханын жаямыз. Бір жақсысы – біздің мектеп көпұлтты.

Балалар алдағы уақытта қаланың әсем және мәдени жерлеріне баратын болады. Ал бүгін оларға уақыттарын өткізетін лагерь және оның тәртібі таныстырылмақ. Демалып, уақыттарын тиімді өткізуге келген балғындардың көзінен жалын мен ынтаны көруге болады.

– Біз бүгін лагерьге келіп тұрмыз. Жақсы болады деп ойлаймын. Аттракциондарға мініп, аквопаркке барып, шеберлік сағаттарына қатысамыз.
– Лагерьде өте күшті, әдемі, қызықты. Мені бұл лагерьге анам мен әкем жіберді.
– Маған бұл алаң ұнайды. Себебі, мұнда ойнауға және көп дос табуға болады.

Лагерьге келушілер – мектепалды даярлық тобы мен бастауыш сыныптардың оқушылары. Балалар мұнда екі мезгіл тамақтанып, бір-біріне ұқсамайтын күндерін өткізеді. Өнерлерін көрсетуге де таптырмас мүмкіндік. Мысалы, бүгін би билеп те үлгерді.

Жалпы, мектеп қабарғасындағы бұл сауықтыру орнының жұмыс істеп келе жатқанына 10 жылға жуықтаған. Жеткіншектер жыл сайын 3 апталарын осында өткізеді.

 

Ақжүніс Мұқатай