Мәдениет

Мемлекеттік рәміздер күніне арналған шара

Абылайдың желбіреп көтерген туы! Бүгін осындай атаумен “Абылай хан резиденциясы” музей кешенінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері күніне арналған тарихи іс-шара өтті. Жиынға өңірдің зиялы қауым өкілдері мен әскери академияның курсанттары қатысты. Олар атақты тұлғаның ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, рухына тағзым етті. Кейін ішке кіріп, 3 жүздің басын қосқан қолбасшының мүсіні тұрған бөлмеге Абылайдың туын ілді. Түркістанда және Қызылжарда ғана бар бұл 3 түсті байрақтың тарихы тереңде жатыр. Жаңашылдық жайлы музей кешенінің бөлім басшысы Әлия Мамбеталинова толығырақ баяндады.

ӘЛИЯ МАМБЕТАЛИНОВА, “Абылай хан резиденциясы” музей кешенінің бөлім басшысы:

– Осы жылдың басында жаңа деректердің табылуына байланысты Түркістандағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің қызметкерлерімен және тарихшыларымен жұмыс істелді. Әртүрлі ғалымдардың еңбектеріне сүйене отырып, 3 түсті біріктірген Абылай екені анықталды.

 

Ақжүніс Мұқатай