Балалар

Балалар қауіпсіздігі және жол қозғалысы

Облыстық полиция департаментінде ведомстволық консультативтік-кеңесші органның кезекті отырысы өтті. Оқу жылы аяқталды, жаз басталды. Осы ретте жасөспірімдердің жүріс-тұрысын жіті назарда ұстаған жөн дейді мамандар. Жиында қалалық ведомствоның бастығы Марат Жұмалиев биыл кәмелетке толмағандар жасаған қылмыс саны азайғанын мәлімдеді.

МАРАТ ЖҰМАЛИЕВ, қалалық ПБ бастығы:

– Есептік кезеңде тұрмыс салты нашар отбасыларда тәрбиеленіп жатқан балалардың құқықбұзушылық жасау фактілері тіркелген жоқ. Елімізде
қиын жағдайға тап болған немесе зорлық-зомбылық көрген балалар үшін сенім телефоны бар. Баланың құқығы бұзылған жағдайда тәулік бойы жұмыс істейтін қызметке 111 нөмірі бойынша хабарласып, ақпараттық, консультативтік және психологиялық көмек алуға болады.


Осы ретте консультативтік-кеңесші орган мүшелері тәртіп сақшылары жүргізіп жатқан профилактикалық жұмысты талқылады. Жиында қаралған екінші өзекті мәселе – қаладағы халық тығыз қоныстанған Береке ықшам ауданын орталықпен байланыстыратын көшелердегі жол қозғалысын ұйымдастыру. Бұл мәселе бойынша әкімшілік полиция басқармасының бастығы Серік Әлжанов тозығы жеткен жасанды жол кедергілерін ауыстыру және жаңаларын орнату қажеттігін айтты.

– Закрыть этот вопрос уже навсегда, чтобы полностью, 100% могли обеспечить снижение скоростного режима именно возле детских учреждений.

Консультативтік-кеңесші орган төрағасы Жасұлан Ахметов бірқатар көшеде біржақты және екіжақты қозғалысты ұйымдастыру мәселесін қарастыру туралы ұсыныс білдірді.

– Мы поручим зам.акима г. Петропавловска Ширбаеву, депутатам маслихата города взять на контроль решение данного вопроса.