Sailau banner

Балалар

Балалар үйінің тәрбиеленушілеріне арналған шара

Бұл күні отбасылық үлгідегі балалар ауылы мен М.Жұмабаев ауданындағы өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығының тәрбиеленушілері де назардан тыс қалған жоқ. Оларға арналып «QYZYLJAR ART» орталығында мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. «AMANAT» партиясының филиалы жанынан құрылған «Әйелдер қанаты», мәдениет саласының өкілдері, спортшылар мен студенттер бірлесіп жеткіншектерге күлкі мен жылу сыйлады. Мәз-мейрам болған балалар гипстен мүсін жасады, киізден ойыншық пішті, бисерден тоқыды, аквагрим тәсілін де тамашалады. Ашық аспан астында өткен шарада спорттық ойындар ойналды, сурет те салынды. Ал қолөнер бұйымдарының жәрмеңкесінде өнерлі балалар өз туындыларын сатты. Бұл күні барлығы – 100-ге жуық бала қамтылды. Соңында кішкентай қонақтарға тәтті-дәмді мен сыйлықтар табыс етілді.