Sailau banner

Спорт

Атақты футболшыны еске алу турнирі бастау алды

Ер есімі – ел ісінде! Облыс орталығында футболдан еңбек және спорт ардагері, Петропавл қаласының құрметті азаматы Александр Липовойды еске алу турнирі бастау алды. Өңір тарихында жерлесіміздің есімі алтын әріптермен жазылып қалды. Ол жалынды жастық шағында аяқдоп шебері болды, жасыл алаңда көсілген талай шәкірт тәрбиеледі. Бертін келе аймақта спорттың, оның ішінде футболдың дамуына сүбелі үлес қосты. Жалауын желбіреткен доп додасы 3 күнге созылады. Тартысты кездесулер “Қарасай” стадионы маңындағы алаңда өтуде.

ОЛЖАС АХМЕТЖАН, СҚО БЖСМ жұмыс жөніндегі облыстық дене шынықтыру орталығының басшысы:

– Әр командада 8 адамнан. Футбол облыстық деңгейде өтуде. Жалпы, 12 команда. Үш күнге созылады. Біріншіден, салауатты өмірді сақтау, ауылды жерде футболды дамыту үшін жылда өткізіп тұрамыз.

 

Мәдина Қаби