Құқық қорғау органдары

СҚО-да биыл заңсыз айналымнан 18 келіден астам есірткі тәркіленді

Облыста жыл басынан бері есірткіге қатысты жүзден астам қылмыстық құқық бұзушылық анықталған. Оның 50-ден астамы – есірткіні сату, төртеуі – аса ірі көлемде сақтау фактілері. Заңсыз айналымнан 18 келіден көп есірткі тәркіленіп алыныпты.
14 келісі марихуана болса, қалғаны – синтетикалық түрі. Мамандар соңғы уақытта есірткі бизнесіне қатысы бар жастардың көбейгеніне алаңдаулы. Оған себеп – құқықтық сауатсыздық пен жеңіл жолмен ақша табу. Осы орайда тәртіп сақшылары нашақорлықпен және есірткі қылмысымен күресте күш біріктіру қажеттігін айтты. Көшеде күдікті жайт байқасаңыз, 8 (7152) 39-41-93 экранда көрсетілген сенім телефонына хабарласу қажет. Келіп түскен ақпарат жедел түрде тексеріледі.

 

Мәдина Қаби