Қоғам

Қасым-Жомарт Тоқаев: Қасіретті оқиғалардан тағылым алып, оны ұлт жадында сақтай білуіміз керек

Бүгін – Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев тарих шежіресіндегі ең ауыр кезеңді еске алып, аталған күнге орай жазба жариялады. Президент өткен замандағы қасіретті оқиғалардан тағылым алып, оны жадымызда сақтай білуіміз керек деді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді.

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ, Қазақстан Республикасының Президенті:

– Біз жыл сайын 31 мамыр күні өткен ғасырдағы саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске аламыз. Мемлекетіміз қуғын-сүргіннен жазықсыз жапа шеккен жандарды ақтау, төл тарихымыздың ақтаңдақ беттерін объективті әрі тыңғылықты зерделеу жұмыстарына баса мән беріп отыр. Біз өткен замандағы қасіретті оқиғалардан тағылым алып, оны ұлт жадында сақтай білуіміз керек. Сонда ғана кез келген сынақтан сүрінбей өтіп, әділетті мемлекет және өркениетті қоғам құру жолындағы биік белестерді бағындыра аламыз.

 

Ақжүніс Мұқатай