Қоғам

Жер учаскесін рәсімдеуде кеткен ақау

Есіл ауданының тұрғыны өзіне мұраға қалған жерді рәсімдемек болған. Алайда, іс ұзаққа созылған. Анықталғандай, жүйеде бір алқапта 4 бірдей жердің орналасқаны көрсетілген. Бұл факті Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің жергілікті департамент мамандары жүргізген тексеру барысында расталды.

АЙСҰЛУ КӘРІМЖАН, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі СҚО бойынша департаменті басқармасының бас маманы:

– Сонымен қатар, бұл жер учаскелері іс жүзінде әртүрлі мекенжайларда орналасуға тиіс екені анықталды. Департаменттің ұсынысы бойынша өтініш берушінің учаскесіне орналасқан жеріне бару туралы шешім қабылданды. Қорытынды бойынша жер учаскесінің шекаралары белгіленді.

Меәселе оң шешімін тапты. Ақау жүйеден кеткен деп түсіндірді мамандар. Алайда, адами фактор да болып жатады. Тексеріс жүргізген бейінді департамент қызметкерлерінің айтуынша осындай мәселе туындағанда азаматтар сәулет, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және жер қатынастары саласының өкілдеріне қатысты шағымданады екен. Жыл басынан бері осындай 15 арыз-өтініш келіп түссе, соның 9-ы жер қатынастарына қатысты.

 

Гүлден Сембаева