Құқық қорғау органдары

ПД бастығының бірінші орынбасары Қанат Айтбаев құрметті демалысқа шықты

Ішкі істер органдарында 32 жыл бойы мінсіз қызмет атқарған Қанат Айтбаевты әріптестері құрметті демалысқа шығарып салды. 1992 жылы полиция қызметкері атанған Қанат Киікбайұлы қатардағы маманнан бастап департамент бастығының бірінші орынбасары лауазымына дейін көтерілді. Оның жетекшілігімен қылмыстың алдын алудың жаңа тетіктері қолданылды.

ҚАНАТ АЙТБАЕВ, ішкі істер органының ардагері:

– Көптеген жылдар қоян-қолтық жұмыс істеп, иық тіресе қызмет атқардық. Сондықтан, әрқайсыңыз маған қымбатсыздар. Сіздерге қызметте жеміс тілеймін. Мен сияқты зейнет жасына жетулеріңізге тілектеспін!

Қанат Айтбаевтің орнына бұған дейін Қарағанды облысындағы полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары болған Құрманғали Ысмағұлов тағайындалды.

 

Ақжүніс Мұқатай