Қоғам

СҚО-да биыл 300-ге жуық интернет-алаяқтық тіркелді

– Жертвами такой схемы, как правило, становятся лица старше 45 лет, а также пенсионного возраста, которые не обладают достаточным уровнем финансовой грамотности.

Полицейлердің айтуынша «банктен қоңырау шалу» схемасы бойынша жасалған интернет-алаяқтық фактілерінің саны артқан. Қазір айлакерлер әрбір екінші қылмысты осындай тәсілмен жасайды. Жыл басынан тіркелген 300-ге жуық интернет-алаяқтық фактісінің 140-ы жалған банк қызметкерлеріне қатысты. Полиция департаменті бастығының орынбасары Асқар Мұхаметқалиевтің төрағалығымен өткен жұмыс кеңесінде халықты қылмыстың осы түрінен қорғау тәсілдері талқыланды.
Полицейлер интернет-алаяқтықтың алдын алу үшін бірқатар ұсыныс әзірлеген. Оның ішінде – мобильдік қосымшаны пайдалану қауіпсіздігін пысықтау, онлайн-несие беру ережелерін қатаңдату. Тәртіп сақшыларының айтуынша, қазір жасанды интеллект қарқынды дамығандықтан биометриялық дерек бойынша тексеру жеткіліксіз болуы мүмкін. Барлық ұсынысты одан әрі іске асыру үшін негізгі банктер мен мүдделі мемлекеттік құрылымдар деңгейінде көтеру ұсынылды.

 

Гүлден Сембаева