Спорт

Мемлекеттік рәміздер күніне орай жаппай жүгіру шарасы өтті

Бүгін Тұңғыш Президент саябағында ҚР Мемлекеттік рәміздері күніне арналып жергілікті ассамблея қызметкерлері арасында жаппай жүгіру жарысы өтті. Шараға еңбектеген баладан еңкейген кәріге дейін қатысты. Басты мақсат – ассамблея өкілдерінің арасында салауатты өмір салтын насихаттау, аға мен жас буын арасындағы сабақтастықты нығайту.

ДАРИҒА СМАИЛОВА, “Ассамблея жастары” РҚБ СҚОФ төрайымы:

– СҚО ҚХА осындай керемет шара ұйымдастыруда. Жарысқа ұйым атынан әртүрлі жастағы қатысушылар қатысуда. Қазіргі таңда біздің ұйымда 60-қа жуық жас жұмыс істейді.

Бәсекеге барлығы – 50-ге жуық жан қатысты. Қатысушылар ең алдымен денелерін қыздырып, жаттығу жасады. Бірер сәттен соң жарыс жолына шығып, жүгіріп кетті.

Олар саябақ бойымен 2 шақырымдық жолды жүгіріп өтуі тиіс. Бірі жарыс жолынан шығып қалып жатса, енді бірі мәреге жетуге барын салды. Жарысқа қатысушылардың бірі – “Birgemiz” фронт-офисінің маманы Жұлдыз Тоқтарғазы. Ол күнде спортпен шұғылданатындықтан бүгінгі жүгіру қиындық тудырмайды дейді.

ЖҰЛДЫЗ ТОҚТАРҒАЗЫ, жарысқа қатысушы:

– Жарыс өте қатты ұнады. Жалпы, бәріне ұнады деп ойлаймын. Спорт – денсаулық кепілі. Қаламыздың әр тұрғынын спортпен айналысуға шақырамын. Әр адам салауатты өмір салтын ұстанса деймін.

Іс-шараға тек ересектер ғана емес, жас буын өкілдері да қатысты. Ең үлкені 63 жаста болса, ең жасы 9-да. Ұйымдастырушылардың айтуынша, осындай игі іс-шаралар алдағы уақытта көптеп өткізіледі.

ВЛАДИМИР ВИТЧЕНКО, облыстық ҚХА төрағасының қоғамдық орынбасары:

– Біз қазір ғана берілген межені жүгіріп өттік. Басын жақсы бастағанмын, соңында шаршап қалдым. Соған қарамастан мәре сызығына дейін жеттім. Осындай бәсі биік бәсекелер жиі өткізіліп тұрса деймін. Қазақстандықтарды келе жатқан Мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтаймын.

Спорттық мереке соңында қатысушыларға дипломдар табыс етілді. Дараланғандары бағалы сыйлықтармен марапатталды.