Аптадағы маңызды жаңалықтар

Жылыту маусымына дайындық жөнінде кеңес өтті

2024 жылы электр желілерін қайта жаңарту және жабдықтарды ішінара ауыстыру үшін электриктер 2,8 млрд теңгеден астам қаржы жұмсауды жоспарлап отыр. Су тасқыны кезінде 500-ден атсам электр бағаналары қирап, 54,1 км электр желісі істен шыққан. Жалпы зардап көлемі – 2,7 млрд теңге.

АЛЕКСАНДР ЧЕКУЛАЕВ, «Солтүстік Қазақстан электр тарату компаниясы» АҚ бас директоры:

– Қазіргі таңда «Солтүстік Қазақстан электр тарату компаниясы» АҚ тұтынушыларды электр энергиясымен қамтамасыз етуге, электрмен жабдықтау схемаларын қалпына келтіруге 565 млн теңгеден аса қаражат бөлді. Қалпына келтіру және жөндеу жұмыстарын 15-ші қарашаға дейін аяқтау жоспарлануда.

Өңірдегі жылу желілерінің тозу деңгейі 77,5 пайызды құрайды. Оның ішінде магистральдық желілер 82,7 пайызға, тарату желілері 68 пайызға тозған. Осы орайда «Петропавл жылу желілері» ЖШС ағымдағы жылда инвестициялық бағдарламаны жүзеге асыруға 856 млн теңге бөлді.

ВИТАЛИЙ ХОЛОША, «Петропавл Жылу Желілері» ЖШС бас директорының міндетін атқарушы:

– Электриктер Сәтпаев көшесі бойы №3 жылу магистралінің қалған 0,3 км-ін қайта жаңартуды ақтауды жоспарлап отыр. Магистральдің 1,2 км учаскісіндегі жұмыстар аяқталды. Ружейников көшесіндегі №6 жылу магистралін қайта жаңарту осы жылы басталады. Компания 0,4 км құбырды ауыстыруды жоспарлауда. Тағы 1,3 км-ді 2026 жылға дейін ауыстырады. 2024 жылы нөмірі 1 сорғы жабдығының ғимаратын күрделі жөндеу аяқталады, сорғы жабдығы үшін іргетастар орнатылады, жаңа сорғылар орнатылады.

Жиын барысында «Севказэнерго» АҚ бас директоры Петропавл 2 жылыту электр орталығы 2024-2025 жылу маусымына екі түтін құбырымен жұмыс жасайтынын айтты. Ал үшінші құлап түскен құбыр бойынша жөндеу жұмыстары басталмақ.

АНАТОЛИЙ КАЗАНОВСКИЙ, «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ бас директоры:

– 2024 жылдың 20-шы маусым мен 5-ші шілде аралығында №2 түтін құбырын тексеру жұмыстары жоспарланған. Тексеріс қорытындысына сәйкес бұзушылықтар анықталса, тиісті жұмыстар жасалады. Ал бәрі дұрыс болса, құбыр жұмыс жасай береді.

Жиын барысында облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов аталған компаниялардағы бос жұмыс орындарын толтыру мәселесін көтерді. Ол үшін жұмысшылардың жалақысын көтеру керек дейді. Осы орайда жұмыс жасауды тапсырды.

ҒАУЕЗ НҰРМҰХАМБЕТОВ, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі:

– Қазір 200 мың теңгеге ешкім жұмысқа бармайтыны түсінікті. Сондықтан, бұл компанияларда бос жұмыс орындар саны 200-ден асады. Осы салада жалақы – 350-400 мың теңге. Электр тарату компаниясында екі жүз мың, қырық мыңға көтерсек те бұл да шектеу емес. Жанат Габбасович, бұл басқарманың, министрлікпен жұмыстың төмендігі, кәсіпорындарды қорғау бойынша жұмыстың әлсіздігі деп түсінемін.

Жиын соңында облыс басшысы Петропавл 2 жылыту электр орталығының жөндеу жұмыстарымен танысып, атқарылатын жұмыстардың уақытылы әрі сапалы болуын бақылауда ұстауды тапсырды.

 

“Первый Северный” телеарнасы