МТРА жаңалықтары

Статистикалық дерек ұсынбаған «респонденттер» әкімшілік жаза арқалайды

Ел көлеміндегі өзгеріс! Сенімді статистикалық ақпарат ойластырылған мемлекеттік шешімдер мен қолдау бағдарламаларына әкеледі. Сондықтан, «респонденттерден» уақытылы дерек талап етіледі. Анықтап алған маңызды, “респондент” – экономиканың түрлі саласында тер төгетін кәсіп өкілі. Бүгінде облыстың өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, денсаулық сақтау, білім беру және тағы да басқа бағыттарында мұндай 38 мыңға жуық заңды және жеке тұлға өз қызметін жүзеге асыруда. Айта кету керек, биыл “Мемлекеттік статистика туралы” ҚР заңына өзгерістер енгізілді. Тың жаңашылдық 8 маусым күні күшіне енеді.

ЖҰЛДЫЗ НҰРҒАЛИЕВА, Ұлттық статистика бюросы СҚО бойынша департаменті басшысының орынбасары:

– Респонденттердің алғашқы статистикалық деректерді ұсыну графигінде көрсетілген мерзімдерде респонденттердің статистикалық деректерді уақытылы ұсынбауы анықталған жағдайда статистика органдары профилактикалық бақылау жүргізбей-ақ, әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізуді қозғайды және статистикалық нысандарды тапсыру кезінде не ресми көздерден алынған респонденттің байланыс деректеріне (электрондық мекенжайы, ұялы байланыстың абоненттік нөмірі) хабарлама жіберу жолымен тиісті статистикалық нысандарды ұсынуды талап етеді.

 

Байболат Құлтанов