Денсаулық сақтау

Көкжөтелге шалдыққандардың саны артты

Санитарлық дәрігерлер дабыл қағуда! Өңірде, соның ішінде облыс орталығында көкжөтелге шалдыққандардың саны күрт артқан. Мысалы, тұтас өткен жылы 18 адам ауырса, биыл небәрі 4 айдың өзінде ғана 28 қалалық дертке шалдыққан. Жекелеп қарайтын болсақ, сәуірде 13 адам инфекция жұқтырса, мамырда 5 жерлесіміз тізімді толықтырған. Бұдан теріс көрсеткіштің 2,6 пайызға түскенін аңғарамыз. Айта кету керек, көкжөтелмен ауырғандардың дені – 14 жасқа толмаған балалар. Басым бөлігі ата-анасының екпе қойдыруға рұқсат бермеуіне байланысты ауырып отыр екен. Сандарды жіпке тізген санитарлық дәрігерлер алдын алу шараларына тоқталды.

ЖҰЛДЫЗ БЕКМАҒАМБЕТОВА, қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының бас маманы:

– Көкжөтел вакцинамен басқарылатын инфекция болғандықтан, оның ең алдын алу шарасы – екпе алу. 2, 3, 4, 5 және 18 айлық аралығындағы балалар тегін екпе ала алады. Қазір арнайы шара жүргізіліп жатыр. 18 жасқа толмаған балалар осы уақытқа дейін екпе алмаса, медициналық мекемеге барып ала алады.

 

Ақжүніс Мұқатай