Облыста “А” және “В” санатындағы көліктердің қатысуымен апаттар жиілеп кеткен. Кері статистиканың саны кеміту мақсатында рөл тізгіндегісі келген жандарға автомектептерде толық оқу курсынан өту талап етіледі. Тағы бір айта кететін мәселе – қазақстандықтардың өтініші бойынша мемлекеттік нөмір алу процесі жеңілдетілді. Енді автокөлік иелері үйлерінде отырып-ақ барлығын өздері рәсімдей алады. Бірақ, мамандар жүргізушілерді көліктерін тіркеу барысында ұрланған мүлікті сатып алмау үшін ең бірінші криминалистерге жүгінуге шақырады.
СЕРІК ӘЛЖАНОВ, СҚО ПД әкімшілік полиция басқармасының бастығы:
– Жалпы, бастапқы тіркеу процесі мемлекеттік органдардың деректер базасын пайдалану есебінен жеңілдетілді. Автомобильдерді сатып алу-сату кезінде алаяқтықтан қорғану үшін мәмілелерді нотариалды куәландыру талабы қайтарылды. Сондай-ақ, криминалистердің көлікті алғашқы тіркеу кезінде немесе кузовты ауыстыру, қайта жабдықтау және көлік құралының түсі өзгерген жағдайда міндетті түрде тексеруі енгізіледі. Бұл сатып алушыларды ұрланған немесе түйткілі көп мүлікті сатып алу қаупінен қорғайтын болады.