Әскери қызметте жүріп, білім грантын ұтып алды. Петропавлдағы Ұлттық ұлан академиясының 3 маманы “Срочник 2.0” жобасы арқылы жоғары оқу орнында тегін білім алады. Бірақ, олар бұған оңай жолмен жеткен жоқ. Жауынгерлік шеберліктері сыналып, өз білімдерін көрсету арқылы ғана осындай жетістікке жетті. Ағымдағы жылы игі бастауға 12 бірдей академия маманы өтінім берген болатын. Солардың ішінен іріктеуден іркілмей өткен 3-ші автомобиль бөлімшесінің қатардағы жауынгері Игорь Ескин – Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінде, ал қорғаныс құралдарын жөндеу шеберханасының маманы Денис Копылов Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінде тегін оқиды. Ал әскери академиядағы техникалық жөндеу бөлімінің маманы Әнуар Әшімов жұмыс істеп жатқан жерінде білім алады.