МТРА жаңалықтары

«Zhas project» жобасының жеңімпаздары мадақталды

Петропавлда «Zhas project» жобасының жеңімпаздары мадақталды. Виорика Депершмидт – үздіктердің бірі. Нәзікжанды қазылар алқасына сұлулық салонын ашу жайында тақырып ұсынып, жобасын сәтті қорғап шыққан. Еңбегінде сұлулықтың, сәндіктің маңыздылығы туралы, сонымен қатар бизнесін ашып, істі меңгергісі келетін өзге де қыз-келіншектерге тегін үйреткісі келетіндігі жайында баяндаған. Виорикадан бөлек тағы 7 адам жеңімпаз атанды. Олардың әрбіреуіне 1 млн теңгеден берілді. Ақша қаржылай көмек ретінде ұсынылды. Сондай-ақ, асығы алшысынан түскендер жұмыстарын жалғастыру жайында келісімшартқа қол қойды.

ВИОРИКА ДЕПЕРШМИДТ, жоба жеңімпазы:

– Бірнеше жыл бұрын сұлулық курсын оқып алған болатынмын. Кейін декреттік демалысқа шығып, ісім аяқсыз қалды. Жақында осы жоба жайында естіп, қатысамын деп шештім. Көп дайындалдым, студия ашу ойыма бірден сап ете қалды. Ең бастысы ойланып жұмыс істеу керек. 1 млн теңгеге жұмысқа қажетті құрал-жабдықтар аламын. Кейін өз салонымды ашамын.

 

Мәдина Қаби