Ойқала ықшам ауданының тұрғыны Александр Корчига Солнечный-2 ықшам ауданында салынып жатқан үйдің құрылыс барысын қарап жүр. Айтуынша, баспана сапалы материалдармен қапталған. Су тасқыны кезінде 10 жыл тұрған үйінің тек шатыры ғана көрінген екен.
АЛЕКСАНДР КОРЧИГА, қала тұрғыны:
– Үйден су кеткеннен кейін бағалаушылар келді. Мамандар баспананы күрделі жөндеуге келмейтінін айтты. Қазір отбасыммен жалдамалы пәтерде тұрып жатырмыз. Осы ауданда салынып жатқан үйлерді көріп кетуге келдім. Құрылыс қарқыны мен баспаналардың сапасы көңілден шығады.
Гүлден Сембаева