Ауасы жұпар саналатын Солтүстік Қазақстан облысында қоршаған ортаға бөлініп жатқан зиянды заттардың үлесі артып барады. Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында төбе көрсеткен сала өкілдерінің сөзіне сүйенсек, таралғанның 70%-дан астамы «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ-ға тиесілі. Өткен жылы компания жылу және электр энергиясын өндіру үшін 2 млн тоннадан астам Екібастұз көмірін және 3,5 мың тонна мазут жаққан. Салдарынан кеңістікке 24,6 мың тонна қалдық тараған. Бұл алдыңғы жылғыдан әжептәуір көп.
НИКОЛАЙ МАКСИМОВ, “СЕВКАЗЭНЕРГО” АҚ қоршаған ортаны қорғау басқармасының басшысы:
– 2023 және 2022 жылды салыстыратын болсақ, айтарлықтай өсімді аңғарамыз. Көрсеткіш 18,39 мың тоннадан 24,6 мың тоннаға дейін немесе 33,7% ұлғайған. Бұл ретте мынаған назар аудару қажет, былтыр жылу және электр энергиясын өндіру көлемі артты. Мысалы, электр энергиясы 43,8%-ға көп өндірілді. Тиісінше, атмосфераға таралған ластаушы заттардың үлесі көбейді. Қазіргі таңда компания тарапынан тиісті жұмыстар жүргізіліп жатыр.
Байболат Құлтанов