Қоғам

Оңтүстіктен солтүстікке көшіру бағдарламасы тиімді ме?

“Теріскейге көшу: қоныстандыру бағдарламасына қандай жаңашылдықтар енгізу қажет?”. Өткен жұма күні облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасында осындай тақырыпта ашық талқылау ұйымдастырылды.

РҮСТЕМ АРМАНОВ, “Шуақ” қоғамдық қорының директоры:

– Жұмыстың қаншалықты эффективті екеніне көз салдық. Жақында Мәулен Әшімбаевтың өзі де бұл жобалар өз мақсатына жеткен жоқ деп айтқан болатын.

Жиынға “Тәуекел” ұйымының төрағасы Бурахан Дақанов та келіп отыр. Ер азамат 2-3 жыл бұрын солтүстікқазақстандық атанып, көпшілікті теріскейге қоныс аударуға шақырып жүрген белсенді әрі блогер алаңда ең көп сөз алған қатысушының бірі болды.

БУРАХАН ДАҚАНОВ, “Тәуекел” қоғамдық ұйымының төрағасы:

– “Тәуекел” ұйымының мақсатын айта кетейін. Үкімет тарапынан жасалып келген бағдарламалар бойынша билік басында отырған жандар қоныс аударушыны қаржы және жұмыспен қамтамасыз етсек жеткілікті деп ойлайды. Бірақ, рухани дүниелер интеграция, социолизация мен адаптация мәселелері қалып қояды. Біздің ұйымның мақсаты – солтүстікке көшіп келген азаматтарды жалғызсыратпау, жергілікті халықпен араластыру.

Өңірімізге қоныс аударып жатқан азаматтардың көбі туған жеріне қайта бет бұрып жатқаны жасырын емес. Бұл құбылысқа тоқтау салу үшін қоғам белсендісі мынадай ұсыныс білдірді.

БУРАХАН ДАҚАНОВ, “Тәуекел” қоғамдық ұйымының төрағасы:

– Көші-қон комитетінің бастығын шақырып, ол кісілер неге көшіп кетті деген кезде: “Оларға субсидия, жұмыс пен үйін бердік” деп айтады. “Бізден басқа не керек?” дейді. Демек, бұл мәселеге жекелей, нақты жауап беретін белгілі бір структура керек. Сонда ғана мәселелер шешіледі деген ойдамын.

Жиын еркін форматта өтті. Тақырып бойынша айтылған ұнамды ұсыныстар кәдеге жарайды деген мол сенім бар.

 

Ақжүніс Мұқатай