Құқық қорғау органдары

Мобильдік топтардың тиімділігі

– Какие-то, может, вопросы есть, что-то, где-то помощь нужна, где-то что-то разъяснения, какие-то проблемы бывают.

Бұл – мобильдік топ. Мұқтаж отбасыларға әлеуметтік және заң тұрғысында қолдау көрсету мақсатында құрылған. Арнайы топтар былтырдан бері жұмыс істеп жатыр. Оның құрамына полиция қызметкерлері, мемлекеттік қызметшілер, үкіметтік емес ұйым өкілдері мен депутаттар кіреді. Мамандардың айтуынша, көмекке жүгінетіндердің дені – тасқыннан зардап шеккен жандар. Жиі қаралған мәселе – әлеуметтік көмекті ресімдеу.

ӘСИЯ ӘБЖАНОВА, СҚО ПД ЖПҚ басқармасының аға инспекторы:

– Ювеналды полиция қызметкерлері бізге жүгінген барлық отбасыға көмектесті. Олар бойынша ақпарат берілді. Мемлекеттік органдардың қызметкерлері де қолдау білдірді. Біз тек гуманитарлық емес, сонымен қатар, заңгерлік көмек көрсетіміз.

СӘУЛЕ СҰРАҒАНОВА, облыстық мәслихат депутаты:

– Бүгін біз көмек қажет отбасыларға бардық. Онда бүгінгі күні қандай сұрақтар туындайтынын, қандай да бір мәселелермен бетпе-бет келіп отырғанын сұрадық. Тұрғындарға қолдан келгенше көмектестік, кеңес бердік. Көбінесе денсаулық сақтау, атаулы әлеуметтік көмекті ресімдеу бойынша сұрақтар көтерілді.

Мобильдік топ бұдан басқа ата-аналық міндетін орындауға құлқы жоқ және ішімдік пен есірткіге жақын отбасылармен жұмыс істейді. Жыл басынан бері мамандар осындай 500 рейд өткізген.