Спорт

“Қызылжар” ФК жеңіске жетті

Петропавлдық “Қызылжар” футбол клубы лига кубогы аясында жамбылдық “Тараз” командасын тізе бүктірді. Сырт алаңда өткен матч 1 де 2 есебімен жерлестеріміздің пайдасына шешілді. Теріскейліктердің сапынан черногориялық шабуылдаушы Борис Смилянич пен Ұлар Жақсыбаев көзге түсті. Тартысты өткен ойынның бірінші таймында алаң иелері басымдық танытты. Ал келесі 45 минут ішінде “Қызылжар” командасы камбэк жасап, соңғы минутта жеңісті жұлып алды. Жергілікті клуб ендігі кездесуді ел чемпионаты аясында маусымның 2-сі күні өз аланыңда “Елімай” командасына қарсы өткізеді. Айта кету керек, осыған дейін теріскейлік клуб 5 ойын бойы жеңіске жете алмай келген еді.