Қазақстан жаңалықтары

Қазақстан кезең-кезеңімен автомобильдерді құрастырудың неғұрлым күрделі деңгейіне көшуде

Бұл туралы Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев мәлімдеді. Министрдің айтуынша, 2027 жылға қарай шағын торапты құрастыру үлесін өндірістің жалпы көлемінің 50% – на дейін ұлғайту міндеттемесі автоөндірушілер алдында тұр. Алайда, ағымдағы жылдың өзінде бұл көрсеткіш шамамен 20% — ға, келесі жылы — 30% – ға, 2026 жылы-40% – ға жетуі тиіс.

“Сонымен қатар Қостанай және Алматы қалаларындағы шағын өнеркәсіптік аймақтардың алаңдарында автокомпоненттік базаны дамыту бойынша жобалар пысықталуда. Көлік құралдары үшін пластикалық бөлшектер мен мультимедиялық жүйелер шығаратын кәсіпорындарды пайдалануға беру жоспарлануда. 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап дәнекерлеу және бояу жөніндегі техноперациялар Қазақстан аумағында өндірілетін автомобильдердің әрбір брендінде игерілетін болады. 2027 жылға қарай шағын торапты құрастыру әдісімен 200 мыңға жуық автомобиль шығару жоспарлануда”, – деді Қанат Шарлапаев.