Өңірге жұмыс сапарымен келген Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров
аудандарды аралады. Әуелі Новоникольское ауылына ат басын бұрды. Мұнда 8 мың басқа арналған сүт фермасының құрылысымен танысып, былтырдан бері салынып жатқан суару жүйесінің құрылысын көрді. «Зенченко и К» серіктестігі бұл мақсатқа 1 млрд 700 млн теңгеден астам қаржы жұмсаған.
– Вот эта станция на все установки будет работать двое суток. Это всё сделано своими силами, техникой, своими людьми. Приезжали только из компании, пленку клеили. Первый подъем вот сюда идет, заливается туда и здесь второй подъем. Система фильтрации есть, чтобы мусор не попадал на установку.
Ведомство башысы Есіл ауданына соғып, агроқұрылымдардың басшылықтарымен кездесті. Талқыланған мәселе – егіс науқанының барысы, мемлекеттік қолдау шаралары. Биыл көктемгі дала жұмысын атқаруға және күзде егін жинау үшін диқандарға алғаш рет 5 пайыздық жеңілдікпен ел бойынша 400 млрд теңге көлемінде қосымша қаржы бөлінді. Несиелендіру Аграрлық несие корпорациясы арқылы «Кең дала-2» бағдарламасы аясында іске асырылады.
Имеется такая информация, что будет закуп по ячменю. Я не знаю, точно или нет. Во всяком случае, разговоры ходят. Тоже форвардный закуп.
– Ряд культур лен, рапс – все эти культуры по закупам проходят.
Айдарбек Сапаровтың айтуынша, «Кең дала-2» бағдарламасы аясында теріскей өңіріне 84 млрд теңге бөлініп отыр. Әзірге, агроқұрылымдардан жиынтық көлемі 12 млрд теңгені құрайтын өтінімдер келіп түскен.
Мемлекеттік қолдау туралы шалақындық тауарөндірушілерге егжей-тегжейлі түсіндірілді. Қолдау мақсатында құрылған несиені алу үшін диқандарға құжат жинап, кезек күтудің қажеті жоқ.
Айдарбек Сапаров, ҚР Ауыл шаруашылығы министрі:
– Біз жаңадан еңгізілген бағдарламаларды түсіндіріп жүрміз. Қандай да бір сұрақтарыңыз болса, қоя беріңіздер. Менің қасымда «Аграрлық несие корпорациясы» , “Продкорапарция” және “ҚазАгроФинанс” өкілдері бар. Қазіргі таңда «Аграрлық несие корпорациясы» өз жұмысын бастап кетті.
НАУҚАН ТАЛАСБАЕВ, Ибраев ауылының тұрғыны, Шал ақын ауданы;
– Кішкентай шаруа қожалықтарына жақсы. Себебі, қазір қағазбастылық болып кетті. Өте жақсы бағдарлама.
Айдарбек Сапаров бұдан кейін Ғ.Мүсірепов ауданына ат басын бұрды. Іскер азаматтармен өткен жиынға облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов те қатысты. Кездесуде
еңбеккер қауым мазалаған сұрақтарына жауап алды.
– В августе уже уборка начинается. Хотели до августа удобрение.
– У вас оплачены?
– Нет, они не заключают договоры.
Кейін аудан әкімі Руслан Аңбаев көктемгі дала жұмысының барысына тоқталып өтті.
Ауданда биыл егіс аумағы 721 мың гектарды қамтиды. Оның басым бөлігіне дәнді және бұршақ дақылдары егілуде. 40 мың тоннаға жуық көлемде минералды тыңайтқыш алуға қатысты келісім шарт жасалған. Министрге «АЗКО-ПЕСКИ» серіктестігінің басшысы Айдар Жанзақов алқапты суару жүйесін таныстырды.
АЙДАР ЖАНЗАҚОВ, «АЗКО-ПЕСКИ» ЖШС директоры, Ғ.Мүсірепов ауданы:
– Егінді тамшылатып суаратын қос құрылғының құны 400 млн теңгені құрайды. Бір-біреуі 200 мың гектар жерді қамтиды. Жобаны жақын арада іске қосамыз. Екіншісін шілде айында пайдалануды бастаймыз. Жүйе зығыр егілген алқапты суаруға арналған. Биыл аталған дақыл түрін 325 гектар аумаққа егеміз.
Аудандағы «Раисовское» серіктестігі де назардан тыс қалған жоқ. Мұнда негізінен мемлекеттік қолдау жайлы айтылды.
Айдарбек Сапаров, ҚР Ауыл шаруашылығы министрі:
– Жұмысты жақсы деңгейде уақытылы өткізу қажет. Сонда ған өнімді жақсы аламыз. Өздеріңіз білесіздер, Мемлекет басшысы өнімді 2 есе көтерсін деп айтты. Ол үшін біз статистиканы жобасына келтіріп жатырмыз. Жалпы айтқанда, мемлекет тарапынан барлық жағдай жасалып жатыр. Майлы дақылды 10 пайызға көтердік. Кімде қаржы жоқ, оның да шешімін таптық. Ал енді жанар-жағармайды айтатын болсақ, ол жағынан да жағдай жасалды.
Айдарбек Сапаров пен Ғауез Нұрмұхамбетов Пески ауылындағы мектеп түлектерімен бірге Президенттің бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» жобасы аясында ағаш отырғызу акциясына қатысты. Нәтижесінде 20-ға жуық шырша егілді.
Гүлден Сембаева