Облыста жыл басынан бері көлік ұрлығы мен айдап әкетудің 11 фактісі тіркеліп, оның барлығы ашылған. Полиция қызметкерлерінің айтуынша есігі құлыпталмай күйі оталып тұрған, дабыл жүйесімен жабдықталмаған, қараңғы жердегі, бейнебақылау камерасы жоқ жерде тұрған көліктер көп жағдайда ұрылардың жеміне айналады. Көлік ұрлығының алдын алу мақсатында қазір облыста «Автомобиль» атты жедел-алдын алу шарасы өтіп жатыр. Соның аясында мамандар гараж кооперативтерінде, көлік жөндеу станцияларында, автотұрақтар мен көлік базарларында тексеру жұмысын жүргізуде.