Қоғам

Партиялықтар сенбілік ұйымдастырды

Жұмыла көтерген жүк жеңіл! Солтүстік Қазақстан облысында республикалық “Таза Қазақстан” акциясы жалғасып жатыр. Аталған бастама аясында Қызылжар ауданындағы Большая Малышка ауылында кезекті сенбілік өтті. Оны “AMANAT” партиясының мүшелері ұйымдастырды. Нақтырақ айтсақ, облыстық және 5 аудандық филиалдың 50-ге жуық маманы елді мекен ішін және 10 ауланы күл-қоқыстан тазартты. Саяси ұйым өкілдері мұнымен шектеліп қалмақ емес. Олар су кірген ауылдарға жиі келіп, қайта қалыпқа келтіру ісіне араласпақшы.

ЖЕҢІС АСАНОВ, “AMANAT” партиясы СҚОФ атқарушы хатшысы:

– “Таза Қазақстан” акциясы аяқсыз қалмайды. Біз жаз бойы сенбіліктерге қатысуды жоспарлап отырмыз. Бұл жолы 5 ауданның тұрғындары білек біріктірсе, келесі жолы қалған аудандардағы әріптестеріміз қол ұшын созатын болады. Аманаттықтар тасқын кезінде күн-түн демей еңбек етті. Жан-жақтан жеткен жылуды бөлдік, арнайы тізім бойынша жеткіздік.

 

Байболат Құлтанов