Қоғам

Қызылжар ауданында 119 үй қалыпқа келтіруге жарамайды

Қызылжар ауданында 119 үй қалыпқа келтіруге жарамайды! Бұл – мамандар ұсынған алдын ала қорытынды. Демек, алдағы уақытта тасқыннан қатты зардап шеккен баспаналардың саны артуы мүмкін. Жалпы, ауданда ерке Есілдің бойында орналасқан 18 ауылдағы 1500-ден астам үй бүлінді. Бүгінде бағалау жұмыстары жалғасып жатыр. Арнайы мамандар демалыссыз тер төгіп, ақпарды жаңартуда. Қазіргі таңдағы маңызды міндеттердің бірі – тұрмыстық техника мен су астында қалған мал шығынын анықтау.

ҚУАНДЫҚ ШӘКУБАЕВ, Қызылжар ауданы әкімінің орынбасары:

– Біз қазір жылжымалы мүліктер бойынша өтініштерді қарастырудамыз. Бұл тұрғыда бірнеше өтініш түсті. Сонымен қатар, үй жануарларынан айырылған жандардың да саны жетерлік. Бүгінге дейін 30 шақты тұрғынның өтінімін қарастырдық. Жұмыстың маңыздылығын түсінеміз. Сондықтан, аз уақыттың ішінде істі тындыруға тырысамыз.

 

Мәдина Қаби