Барнёвка, Долматово және Большая Малышка. Қызылжар ауданындағы аталған ауылдар тасқыннан қатты зардап шекті. Қазіргі таңда мұндағы халық қолдаудың түр-түрімен қамтылып жатыр. Жақында қиындыққа тап болған теріскейліктерге гуманитарлық көмек жиналды.
САМАТ ЕСМАҒИҰЛЫ, Қызылжар аудандық жастар ресурстық орталығының директоры:
– Еліміздің түкпір-түкпірінен келген гуманитарлық көмекті бөліп, аталмыш ауылдардың халқына тарататын боламыз. Арнайы еріктілер тобы құрылды.
Макарон өнімдері, қарақұмық, сұйық май, балаларға арналған тағамдар, жөргектің түр-түрі мен тұрмыстық заттар. Бұлардың барлығы жәшіктерге салынды. Азық-түлік пен алғашқы қажеттіліктегі дүниелер тізім бойынша таратылады. Алған халық дән риза. Жылу жинаған және жеткізген жандарға алыстарын білдірді.
АЛЕКСАНДР КИСЕЛЁВ, Большая Малышка ауылының тұрғыны, Қызылжар ауданы:
– Гуманитарлық көмекке қатысты бірде-бір мәселе туындаған жоқ. Ауылда да, Бескөлде де, облыс орталығында да халыққа таратылды. Ұйымдастырушыларға “Жарайсыңдар” деп айтқым келеді. Қиын-қыстау шақта жалғыз қалған жоқпыз. Елдің барлығы жан-жақтан көмектесіп жатыр. Ризамыз!
Ұсынылған дерекке сүйенсек, көмек жеткізілген Қызылжар ауданындағы 3 ауылда 400-ге тарта үй тасқыннан зардап шеккен.
Байболат Құлтанов