Құқық қорғау органдары

Жолдағы тәртіп: “Кибер-шериф” кешенінің санын көбейту жоспарлануда

– В настоящее время бортовой АПК «Кибер-шериф» зафиксировал автомашину марки «Лада Калина». На участке дороги, где ограничение скорости 60 км/ч, данная автомашина проехала 73 км/ч., т.е. превысила 13 км/ч. На данного водителя будет автоматически выписан штраф.

Жол ережесін бұзған жүргізуші “Кибер-шерифтің” көмегімен анықталды.
Борттық аппараттық-бағдарламалық кешен өңірде биыл наурыз айының ортасынан бастап қолданылуда.

АИДА БИМЕНДИНА, СҚО ПД ӘПБ бөлім инспекторы:

– Қызметтік автокөліктерге орнатылған “Кибер-шериф” борттық аппараттық-бағдарламалық кешендері республикалық маңызы бар тасжолдарда, қаланың көше-жол желісінде, мектептердің, Оқушылар сарайының, стадиондардың, жаяу жүргіншілердің өткелдері және басқа да авариялық қауіпті учаскелер маңында патрульдеу жүргізуде.

Ақылды жүйе бұзақыға қатысты айыппұл төлеу туралы бұйрықты автоматты түрде рәсімдейді. Бұ жерде адам ықпал ете алмайды. Яғни, сыбайлас жемқорлық тәуекелі де туындамайды, ал қатенің болуы екіталай. Қазіргі уақытта облыста осындай 2 кешен жұмыс істейді. Наурыздан бастап жүйе жылдамдық режимінің сақталмауына қатысты 900 факті тіркеген. Биыл “Кибер-шерифтердің” санын көбейту жоспарлануда.