ТЖ

Өз үйім – өлең төсегім

Өз үйім – өлең төсегім. Қызылжар ауданындағы Большая Малышка ауылының тұрғыны Анна Парфенова сұхбатын осылай бастады. Нәзікжанды талай жыл түтін түтеткен баспанасының су астында қалғанына қапалы. Алайда, шаңырағын тастап кеткісі келмейді.

АННА ПАРФЕНОВА, Большая Малышка ауылының тұрғыны, Қызылжар ауданы:

– Был астанинский специалист. Он сказал, что дом не подлежит к восстановлению. Но я не хочу уходить.

Анна Парфенова – мамандардың көмегін күтпей қалыпқа келтіру жұмысын бастап кеткен жанның бірі. Жолдасы екеуі пешті жөндеп, үйлерін кептірген. Әлі тындыратын біраз шаруа бар. Жауапты істен еңбекқор нәзікжанды қашпайды.

АННА ПАРФЕНОВА, Большая Малышка ауылының тұрғыны, Қызылжар ауданы:

– Кезінде сауыншы болып жұмыс істедім. Сол үшін осы үйді берді. Жолдасым екеуіміз тұратын баспананың бір жағында кіші қызым тұрса, екінші жағында үлкен қызым тұрады. Сондықтан, ауылдан кеткіміз келмейді. Үйімізді өзіміз жөндеп жатырмыз. Қажетті заттардың біразын алып та қойдық. Ертең-ақ барлығын адам танымастай өзгертеміз.

Ауылды, қара шаңырақты ерекше құрметтейтін отбасы даланы да көркейтіп жатыр. Азаматша аула алыстан көз тарту үшін жақында бірнеше көшет егіпті.

 

Байболат Құлтанов