Аптадағы маңызды жаңалықтар

Облыс әкімі жұмыс сапарымен Қызылжар ауданына барды

Ең бірінші болып облыс әкімі Новоникольское ауылына кіреберіс жолдағы көпірдің жағдайын көрді. Көктемде Есіл тасығанда көпірге біраз зақым келген. Қазіргі таңда «Зенченко и К» КС бас директоры Геннадий Зенченко көпірді жөндеп, қалпына келтіруге білікті мамандарды тартуда. Кейін Ғауез Нұрмұхамбетов Новоникольское ауылында «Зенченко и К» жұмысшыларына салынған жаңа үйлерге барды.

Елді мекенде қазіргі уақытта спорттық ойын алаңының құрылысы жүріп жатыр. Бұл жобаның құны – 120 млн теңге. Жұмыс мамыр айында басталған, жоспар бойынша тамыз айына қарай қолданысқа берілуі тиіс.

ЕЛЕНА ЗАХАРОВА, Новоникольское ауылдық округінің әкімі, Қызылжар ауданы:

– Бұл жерде демалыс орындары, балаларға арналған ойын алаңы, волейбол мен баскетбол алаңы болады. Сондай-ақ, ағаш отырғызып көгалдандыру жұмыстарын жүргіземіз.

Спорттық ойын алаңының құрылысымен танысқаннан кейін Ғауез Торсанұлы елді мекендегі әлеуметтік нысандарды, “Комфорт+” дүкенін, балабақша мен мектепті аралады. Балабақшада 27 адам жұмыс істейді, олардың 15-і – тәрбиеші. Қазіргі таңда бұл жерде 96 бала тәрбиеленеді. Балабақша толығымен күрделі жөндеуден өткен. Ал мектепті реконструкциялауға «Зенченко и К» КС 280 млн теңге жұмсаған. Білім ордасында спорт залы, еңбек сабағына арналған сыныптар бар. Бұнда барлығы – 4 сыныпқа дейін 360 бала тегін тамақтанады. Бұған серіктестік жылына 27 млн теңге жұмсайды.

ҒАУЕЗ НҰРМҰХАМБЕТОВ – Солтүстік Қазақстан облысының әкімі:

– Барлығы өте керемет. Балабақша мен мектеп күрделі жөндеуден өткен. Әр сынып ерекше безендірілген. Керек-жарақтың барлығы бар.

Бұдан соң Ғауез Нұрмұхамбетов елді мекендегі мәдениет үйі мен спорт сарайын аралады. Спорт сарайында бассейн, үстел теннисі, волейбол, баскетбол алаңы бар. Ал Мәдениет үйі 272 адамға шақталған. Оның ішінде өлке тарихынынан сыр шертетін көптеген экспонаттар бар музей орналасқан.

Облыс әкімі елді мекендегі «Наш» дүкеніне де кіріп көрді. Бұл дүкеннің басты ерекшелігі – барлық тауар осы жерде дайындалып бірден сөрелерге қойылады. Барлық өнімді дүкенге «Зенченко и К» КС жеткізеді.

Облыс әкімі Ғауез Нұрмахамбетов дүкенге келген ауыл тұрғындарымен де тілдесті.

Осыдан кейін өңір жетекшісі «Зенченко и К» КС көкөніс сақтау қоймасына барды.

Содан соң Ғауез Торсанұлы «Зенченко и К» КС астыққа арналған элеваторының жағдайымен танысты.

Жаңадан салынып жатқан мал шаруашылығы кешенінің құны – 9 млрд теңге. Кешен 8 мың бас қара малға шақталған. Жоспар бойынша нысан 2025 жылдың қараша айында пайдалануға берілмек. Кәсіпкердің айтуынша, мұндай деңгейдегі мал шаруашылығы кешені Орта Азияның ешбір мемлекетінде жоқ.

ГЕННАДИЙ ЗЕНЧЕНКО, «ЗЕНЧЕНКО И К» КС бас директоры:

– Бұл кешеннің ортасында айналмалы сауын аппараты орнастырылады. Ол сағатына 700 сиырды сауады. Бұл біз үшін өте ыңғайлы. Себібі, уақытымызды үнемдейтін боламыз.

Сондай-ақ, облыс әкімі «Зенченко и К» КС егіс науқанына дайындығын көрді. Биыл серіктесік жаңа техникалар сатып алған.

Кейін өңір басшысы салынып жатқан жаңа суару жүйесінің құрылысымен танысты. Бұл жобаны іске асыру үшін әдейі қазаншұңқыр қазылған. Оның сыйымдылығы – 102 мың текше метр. Ол су қоймасының рөлін атқаратын болады. Бұны іске асыру үшін «Зенченко и К» КС 1 млрд 700 млн теңге қаражат жұмсаған. Құрылыс осы айдың соңында аяқталуы тиіс.

Өңір жетекшісі барған келесі нысан – Новоалександровка ауылындағы «Зенченко и К» КС бөлімшесі болды.

Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов Трудовое ауылына да барып «Зенченко и К» КС қызметкерлеріне салынған 5 жаңа замануи үлгідегі үйді көріп шықты.