Аптадағы маңызды жаңалықтарҚоғам

Тасқыннан зардап шеккен тұрғындарға жиһаздар сатып алынады

Қала әкімі Серік Мұхамедиев пен «ЗИКСТО» АҚ бас директорының міндетін атқарушы Айдос Бекмағамбетов меморандумға қол қойды. Зардап шеккен отбасыларға тоңазытқыш, газ плитасы, кір жуғыш машина мен төсек және ас үй үстелі сатып алынады. Бұған кәсіпорын 700 млн теңге қаржы бөлді. Тиісті жұмыс тобы құрылған, қалалық әкімдік көмекке мұқтаж отбасылардың тізімін береді. Компания өкілдері аталған жабдықтарды сатып алуға дайын екендіктерін жеткізді.

АЙДОС БЕКМАҒАМБЕТОВ, «ЗИКСТО» АҚ бас директорының міндетін атқарушы:

– «ЗИКСТО» акционерлік қоғамы қалада болған қайғылы оқиғаларға жанашырлық танытып, бейжай қарамауды шешті. Тасқыннан зардап шеккендерге 700 млн теңге көлемінде ақшалай қаражат бөлу туралы шешім қабылданды. Меморандумға қол қойылды, біздің тараптан қаражат беріледі.