Құқық қорғау органдары

СҚО-да тіркелген әр 4-ші жол-көлік оқиғасында жаяу жүргінші зардап шеккен

Полицейлер облыс жолдарындағы жағдайға алаңдаулы. Тәртіп сақшыларының айтуынша әр төртінші жол-көлік оқиғасында жаяу жүргінші зардап шегеді екен. Биыл өңірде мұндай 25 жағдай тіркеліп, 2 адам қаза тапқан, 20-дан астам адам жарақат алған. Осы ретте қателік рөлдегі адам тарапынан ғана емес, жаяу жүргінші жағынан да болып жатады. Бұған – жуырда өткен “Құқықтық тәртіп” жедел-алдын алу шарасы дәлел. Мамандар 10 күннің ішінде аталған санатқа жататын 300-ден астам факті тіркеген. Көп жағдайда жаяу жүргіншілер жолды белгіленбеген жерден немесе бағдаршамның қызыл түсіне өткен.

 

Мәдина Қаби