Қоғам

Былғары зауыты кентіндегі қалыпқа келтіру жұмысы

Бұл – Николай Закотыриннің өз қолымен салған үйі. 2006 жылы көшкен. Тасқын кезінде су терезесіне дейін жеткен. Жақында бағалаушы мамандар келіп, тұруға жарамды екендігін айтқан. Қазір мұнда қалыпқа келтіру жұмыстары жүріп жатыр.

НИКОЛАЙ ЗАКОТЫРИН, Былғары зауыты кентінің тұрғыны:

– Бағалаушылар үйімді қарап шықты, тұруға болатындығын айтты. Екі қабатты баспана. Жоғары қабатына су жеткен жоқ. Жалғыз өзім тұрамын. Жақында жөндеу жұмыстары басталады. Қазір мамандар үйдің төменгі жағын кептіруде, едендерін алып тастауда. Кейін жаңасын салады.

Былғары зауыты кентінде 74 үйге Шал ақын ауданының механикаландырылған бригадалары жауапты. Олар зардап шеккен үйлердегі қажет емес заттарды шығарады. Күл-қоқысты жинастыруда. Іске 20 адам мен 8 техника жұмылдырылған.

Ал баспананы қалпына келтіру жұмысына 47 адам тартылған.

САЯТ ОМАРОВ, Шал ақын ауданы әкімінің орынбасары:

– Жеті адамнан бес бригада ұйымдастырылды. Барлық үйлерді бағалаушылар қарап шықты. Қорытынды дайын. Бізге бекітілген үйлердің 40-тан астамы тұруға жарамсыз. Қалғандарын біз жөндейтін боламыз.

Қазір Былғары зауыты кентінде Шал ақын, Жамбыл және Есіл аудандарынан келген бригадалар жұмыс атқаруда.

 

Мәдина Қаби