Қазақстан жаңалықтары

Ақордада Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен кеңес өтті, онда Ұлттық Банктің 2023 жылғы қызметі туралы есеп тыңдалды

Президент 2023 жылғы ақша-кредит саясатын іске асыру қорытындылары, қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету жөніндегі шаралар және Ұлттық Банктің алтын-валюта резервтерінің жай-күйі туралы баяндамаларды тыңдады. Мемлекет басшысына 2023 жылдың қорытындысы бойынша инфляцияның екі еседен астамға – 9,8% – ға дейін төмендеуі туралы хабарланды. Базалық мөлшерлеме 14,75% – ға дейін төмендетілді.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа “цифрлық теңге” жобасының іске асырылу барысы және цифрландыру мәселелері бойынша маңызды бастамалар туралы ақпарат ұсынылды. Президент жүргізіліп жатқан саясаттың тиімділігін одан әрі арттыру және Ұлттық қаржы нарығының инфрақұрылымын құру бойынша бірқатар міндеттер қойды.