ТКШ

СҚО-да бизнес үшін электр энергиясына бағалар төмендетілді

Солтүстікқазақстандық кәсіпкерлерге жағымды жаңалық! 2024 жылдың 1 маусымынан бастап бизнес өкілдері үшін бекітілген электр энергиясы бағасы төмендейді. Бұл өзгеріс Петропавлда және облыстың 8 ауданында тіркелген іскер жандарға қатысты болмақ.

ДАМИР ТОҚТАМЫСОВ, ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитеті СҚО бойынша департаментінің басшысы:

– «Севказэнергосбыт» ЖШС электр энергиясының бағасын төмендету бойынша департаментке хабарлама ұсынды. Осыған байланысты баға 27,87 теңгеден 25,88 теңгеге дейін, яғни 7,1%-ға төмендету туралы шешім қабылданды.

Бұл мәселе мемлекеттік деңгейде қаралды. Үкімет тиісті тапсырма аясында жан-жақты зерттеу жүргізген.

ДАМИР ТОҚТАМЫСОВ, ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитеті СҚО бойынша департаментінің басшысы:

– Бұл жұмыс Мемлекет басшысының делдал ұйымдарды, оның ішінде тұтынушыларды электрмен жабдықтау тізбегіндегі өнімсіз делдалдарды жою жөніндегі тапсырмасы аясында жүргізілді.

Айта кету керек, бұл өзгерістің мыңдаған солтүстікқазақстандық кәсіпкерге қатысы бар.

ДАМИР ТОҚТАМЫСОВ, ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитеті СҚО бойынша департаментінің басшысы:

– ҚР-ның барлық аумағында реттелмейтін ұйымдар тіркелген. Біз де бар. Олардың табысы өзге облыстарға кетіп отырған. СҚО-да 5 900-ден астам бизнес өкілі бар.

Тың өзгеріске қатысты түрлі сауал туындауы мүмкін. Бұл жағдайда кәсіпкерлер сұрақтар бойынша «Севказэнергосбыт» серіктестігіне жүгіне алады.

 

Байболат Құлтанов