Қазақстанда «Білім берудегі өзгерістердің 1000 көшбасшысы» жобасы аясында жаңа көшбасшы-басқарушылар дайындалып жатыр. Қатысуға 13 мыңнан астам адам өтініш білдірді. Оның ішіндегі 5 мың мұғалім құжат бойынша іріктеуден өтті деп хабарлайды ҚР Білім министрлігі.
АЙМАН ДҮЙСЕМБАЕВА, ҚР ОАМ орта білім беру комитетінің басқарма басшысы:
– Бүгінгі таңда тестілеуден сәтті өткен 567 педагог оқытудан өтіп жатыр. Биыл үміткерлер білім берудің үш деңгейі – мектепке дейінгі, орта білім және техникалық, кәсіптік білім беру бойынша оқиды.
Айта кетейік, үздік нәтиже көрсеткен қатысушылар республикалық кадр резервіне бір жылға қосылады. Содан кейін олар алған білімдерін еліміздің білім беру мекемелерін басқаруда қолдана алады.
Ақжүніс Мұқатай