Бұл туралы ҚР Қаржы вице-министрі Дәурен Темірбеков мәлімдеді.
“Шығыстар 22 трлн 417 млрд теңгеге немесе 99,6% – ға орындалды. Бюджет тапшылығы 3 трлн 121 млрд теңгені немесе ЖІӨ-ге 2,6% (119 251,1657 млрд теңге) құрады. 2023 жылға арналған республикалық бюджеттің кірістері бойынша жылдық жоспар 99,9% – ға орындалды немесе жоспар 19,1 трлн теңге болғанда бюджетке 19 трлн теңге түсті”, — деді Дәурен Темірбеков.
Оның ішінде, айтылған мәліметтерге сәйкес, РБ-ның жеке табысы 14,5 трлн теңгені немесе 2023 жылға арналған жоспарға 99,3% -. құрады. Жоспар 101 млрд. теңгеге орындалмады. Республикалық бюджет кірісінің құрылымында шамамен 89% – салық түсімдері алады, олар бойынша жоспар 90,4% – ға орындалды, жоспар бойынша 14,3 трлн теңге бюджетке 12,9 трлн теңге түсті.
“Жоспардың орындалмауы негізінен мынадай салықтар есебінен қалыптасты: КТС (1 трлн 76 млрд теңге), импортқа ҚҚС (415 млрд теңге), ХДПИ (209 млрд теңге) және шикі мұнайға ЭТП (118 млрд теңге)”, — деп түсіндірді Дәурен Темірбеков.