Білім

Университеттегі «Қазақстан халқы Ассамблеясы» кафедрасына – 10 жыл

Қозыбаев университетіндегі «Қазақстан халқы Ассамблеясы» кафедрасына биыл 10 жыл толып отыр. Ұйым мүшелері көпұлтты еліміздің мәдени-тарихи мұрасын сақтау және насихаттау бойынша тұрақты түрде ауқымды жұмыс жүргізіп тұрады.

ЛЮДМИЛА ГРИВЕННАЯ, Қозыбаев университеті «Қазақстан халқы Ассамблеясы» кафедрасының меңгерушісі:

– Кафедра разработала методологическую основу, которая может быть взята всеми учебными заведениями для того, чтобы потом продвигать и практически реализовывать все эти начинания.

Мерейтойға орай Астана қаласынан арнайы делегация келді. Достық үйінің өкілдері меймандарды шашумен қарсы алды.

НАТАЛЬЯ КАЛАШНИКОВА, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ «Қазақстан халқы Ассамблеясы» кафедрасының меңгерушісі:

– 2014 жылдың қазан айында Астана қаласындағы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетіндегі «Қазақстан халқы Ассамблеясы» кафедрасы ашылды. Содан кейін дәл мұндай кафедраның тұсауы осы білім ордасында кесілді. Біз 40 оқу орнымен әріптестік орнаттық. Арадағы қарым-қатынас аясында үнемі тәжірибе алмасып тұрамыз.

Меймандарға Достық үйіндегі этномәдени орталықтарға экскурсия ұйымдастырылды. Ұлт өкілдері жеке және жалпы жетістіктері туралы айтып, өздерінің музыкалық қабілеттерін көрсетті.

 

Гүлден Сембаева