Сауда ойын-сауық орталықтарының терроризмге қарсы қорғалуы – полицияның басты назарында. Кәсіпкерлік субъектілерін тексеруге арналған мораторий жылдың басында күшін жойды. Осы орайда террористік тұрғыдан осал объектілер тексеріліп, шыққан нәтижесі көңіл көншітпейді. Адам көп жиналатын 7 нысаннцың тек біреуі ғана талапқа сай. Қалғанының иелеріне айыппұл салынып, олқылықты түзеу бойынша тапсырма берілді.
Ақжүніс Мұқатай