Жаңа оқу жылында техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарындағы мемлекеттік білім беру тапсырысының көлемі 60 мың орынға көбейеді. Осылайша, мемлекеттік тапсырыс бойынша қабылданған білім алушылар саны 145 мың адамға жетеді, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігі.
ӘСЕТ МҰХАНБАЕВ, ҚР Оқу-ағарту министрлігі техникалық және кәсіптік білім департаментінің директоры:
– Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша сұранысқа ие мамандықтар бойынша тегін техникалық және кәсіптік білім беру бойынша мемлекеттік білім беру тапсырысы республикалық бюджет есебінен 60 мың орынға ұлғайтылды. 2025 жылға қарай жастардың 100%-ы сұранысқа ие мамандықтар бойынша тегін ТжКБ-мен қамтамасыз етіледі.
Мемлекеттік білім беру тапсырысы техникалық мамандықтар бойынша ұлғаяды: геология, машина жасау, энергетика, IT, металлургия, көлік және т.б. Бүгінде ТжКБ-ді мемлекеттік тапсырыспен қамту 80%-ға жетті.
Байболат Құлтанов