Экология

Маса келіп, маза кетті

НҰРАСЫЛ АХМЕТ, тілші:

– Шаһарға көктем келсе болды, таңнан кешке дейін маза бермейтін масаның кесірінен тұрғындар үшін сыртқа шығып, серуендеудің өзі мұң. Қаптаған жәндік үлкенге де, кішіге де қонып алып, қажытып бітеді. Биыл да қала халқынан маза қашқан. Олардың ойынша, маса улау жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуі тиіс.

Дезинсекция – зиянды жәндіктерден қорғану мақсатында жасалатын арнайы шара. Аталған жұмыс өңірімізде күн жылығаң соң, бірден атқарылады. Мамандар қазіргі таңда күн-түн демей жәндіктерді улауда.

АЙГЕРІМ НУСУПОВА, М.Қозыбаев атындағы СҚУ биология кафедрасының аға оқытушысы:

– Өңірімізде су тасқынынан кейін түрлі жәндіктер көбеюде. Олар жұқпалы аурулар таратуы мүмкін. Сол үшін дезинсекциялық жұмыстар көптеп жүргізілсе деймін.

– Менің ойымша, масаларды улаған дұрыс деп ойлаймын. Адамға да пайдалы, ауру да таралмайды.
– Негізі, маса ауру жұқтыруы мүмкін. Оның алдын алу мақсатында осындай дезинсекция шарасын ұдайы жүргізіп отыру қажет.

Қазір қалалықтармен қатар, ауылдықтар да масамен күресіп жатқаны айдан анық. Биыл қарғын су көп болғанын ескерсек, маза бермейтін жәндіктер де қаулаған сыңайлы. Оған ауданға барғанда көзіміз жетті. Егіс даласында ұшқан масада есеп жоқ.
Айта кету керек, бүгінде дезинсекция шарасы қала аумағының 80 пайызында атқарылған. Алдағы уақытта мамандар су басқан аймақтарға барып, улау жұмысын өткізуді жоспарлап отыр.