2024 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына 195,9 мың қазақстандық қатысты. 154,2 мың адам жұмыспен қамтылды, оның 50,3 мыңы тұрақты жұмысқа орналасты, деп хабарлайды Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі. Субсидияланатын жұмыс орындарына 103,9 мың адам орналастырылды. Еңбек нарығында сұранысқа ие дағдылар бойынша онлайн оқытумен 24,4 мың жұмыссыз қамтылды, оның ішінде 21,9 мыңы оқуды аяқтады. Сондай-ақ, «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқытумен 21,6 мың адам қамтылды. 13,1 мың адам оқуды аяқтап, сертификаттар алды. Бұдан басқа, жаңа бизнес-бастамаларды іске асыру үшін 2024 жылы халықтың әлеуметтік осал санаттарына 400 АЕК немесе 1 476 800 теңге мөлшерінде 9 мың грант және жастарға жылдық мөлшерлемесі 2,5%-дық, сомасы 5 млн теңгеге дейінгі 5 796 жеңілдетілген микрокредит беру көзделген.
Байболат Құлтанов