Қашқын – мас жүргізуші, қуушы – тәртіп сақшылары. Мамлюткада мас жүргізушіні қуу процесі ақыры соңында өзін құтқарумен тынды. “ВАЗ-2106” көлігін мінген 62 жастағы ер адам Мамлютка көшесімен зуылдатып келе жатып, бір бұрылыста арық шетіне ілініп қалған. Жүргізушіні көлік емес, енді құрсауға айналған темірдің ішінен шығару үшін полиция қызметкерлері біраз жұмыс атқарған. Қызылжар ауданының қызба тұрғыны 20 тәулікке әкімшілік қамауға алынды. Ол әуелде көлік басқару құқығынан айырылған екен.
Облыста мамырдың 10-ынан бері “Құқықтық тәртіп” жедел-алдын алу шарасы жүріп жатыр. 6 күннің ішінде 30-ға жуық мас жүргізуші жауапкершілікке тартылды.