«Жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры» ақпараттық жүйесі – қазіргі таңда сұранысқа ие қосымша. Іске қосылғаннан бастап 2,5 млн-нан астам жанға қызмет көрсетілген. Статистика бойынша ең жиі алынатын құжат – жылжымайтын мүліктің болуы және жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар туралы анықтамалар. Аталған жүйе 2023 жылдың 1-ші шілдесінде іске қосылған. Ол арқылы құқық белгілейтін құжаттар мен техникалық паспорттың телнұсқасын алуға, жер учаскесінің кадастрлық паспортына тапсырыс беруге және алуға, учаскені бағалауға болады. Айта кету керек, бүгінде қосымша арқылы өңірімізде 7,5 мыңнан астам адамға кадастрлық паспорт берілген.