Инга Тодоровская Есіл ауданына қарасты Покровка ауылында тұрады. Ауылға 2022 жылы «Дипломмен ауылға» бағдарламасы аясында келіп, үй алған. Тасқында баспанасын су бүлдірді.
Бағалау жұмысы барысында маман үйді тұруға жарамды деп таныған. Бірақ, уақыт өте келе шатыр мен терезелері қирап, қабырғалары сөгіле бастаған. Қазір онда тұру мүмкін емес дейді жас маман. Бағдарлама аясында алынған үйге әлі 14 жыл бойы ай сайын 25 жарым мың теңгеден төлеу керек. Мемлекет кепілдігінде болғандықтан оны сатуға болмайды екен. Үй иесі бұл бұйымтайын «AMANAT» партиясының облыстық филиалының қоғамдық қабылдауына келіп баяндады. Партия өкілдері мәселенің мән-жайын заңгерлер анықтайтынын айтты. Жалпы, Покровка ауылында 18 үйді су басқан. 15 үйдің иесі қоғамдық қабылдауға жүгінді.
Мәдина Қаби