Қоғам

ЖИТС-тен қайтыс болған жандарды еске алу шарасы

Бүгін Петропавлда ЖИТС-тен қайтыс болғандарды еске алу шарасы өтті. Оған шаһардың колледждерінде оқитын студенттер қатысты. Ақнұр Төреқұлова аса қауіпті ауру жайында аса білмейді екен. Бүгін толық ақпар алғысы келеді.

АҚНҰР ТӨРЕҚҰЛОВА, студент:

– Біз шараға ЖИТС ауруына шалдықпас үшін келдік. Мен өзімнің группалас қыздарымен келдім. Ауырмас үшін не істеу керектігін ұғынатын боламыз.

Шараны қалалық жастар ресурстық орталығының мамандары мен ЖИТС орталығы бірге өткізуде. Олар оқушыларға сұрақтар дайындап қойған. Жауаптың дұрыстығын қазылар алқасы бағалайтын болады.

РИНАТ УЛМЕСЕКОВ, ЖИТС профилактикасы және оған қарсы күрес жөніндегі облыстық орталықтың директоры:

– Іс-шараның мақсаты – ЖИТС-тен қайтыс болған адамдарды еске алу, ЖИТС пен АИТВ инфекциясы бар адамдарды кемсітуге, арандатуға жол бермеу. Бұл шара 1983 жылы АҚШ-тың Франциско қаласында бірінші рет өткізілген болатын.

Негізі АИТВ мен ЖИТС бірдей емес. ЖИТС – аурудың ең соңғы сатысы. Енді сандарды сөйлететін болсақ, бүгінде өңіріміз бойынша 1400-ден астам науқас естепте тұр. Олардың 61 пайызы – ер адамдар.

 

Мәдина Қаби