Қоғам

“Жезқазған-Петропавл” автожолы жөндеу көреді

Биыл Қазақстанда жол құрылысы мен жөндеуге 595 млрд теңге бөлу жоспарлануда. Бұл туралы LS ақпараттық агенттігі хабарлады. Қомақты қаржымен 9,5 мың шақырым жол желісін қамту көзделіп отыр. Сонымен қатар, қаржы институттары есебінен жалпы ұзындығы 2,5 мың шақырымды құрайтын республикалық жолдар орташа жөндеу көреді. Маңызды бағытта 97 жоба іске асырылмақ. Тізімге енгізілген бастамалардың арасында “Жезқазған-Петропавл” автожолын қайта қалыпқа келтіру де бар. Демек, ағымдағы жылы көптің көкейінде жүрген мәселе шешімін табады.

 

Байболат Құлтанов