Өнеркәсіп

СҚО-да 2,5 мыңнан аса жұмыс орны ұсынылатын ірі жобалар қолға алынады

Солтүстік Қазақстан облысында үш өндірістік ірі жоба жүзеге асырылуда. Жоспар бойынша 2025 жылдың соңына дейін аққайыңдар өлкесінде жылына 11 мың тонна қалайы өндіретін кәсіпорын ашылады. 150 млрд теңге қаржы құйылатын бастаманың нәтижесінде 600 жұмыс орны ашылады. Сонымен қатар, Баян атауы берілген вольфрам кен орнын игеру көзделген. Жоба 1 мың адамды екі қолға бір күрекпен қамтымақ. Инвесторлардың көзі түскен тағы бір жер – Ақсоран. Мұнда да мың адам еңбек етіп, вольфрам өндірмек. Құйылатын қаражат – 90 млрд теңге. Комбинат келер жылы ашылады.

 

Байболат Құлтанов